Басқару серверіне Қосылымдар журналдарын қарау

Басқару серверінің жұмысы барысында, оған қосылымдар мен қосылым әрекеттері тарихын журнал файлына сақтауға болады. Файлдағы ақпарат желі инфрақұрылымы ішіндегі қосылымдарды ғана емес, серверлерге рұқсатсыз қатынасу әрекеттерін де қадағалауға мүмкіндік береді.

Басқару серверіне қосылым оқиғаларын тіркеуді конфигурациялау үшін:

  1. Басты мәзірде қажетті Басқару сервері атауының жанындағы параметрлер () белгішесін басыңыз.

    Басқару серверінің сипаттары терезесі ашылады.

  2. Жалпы қойыншасында Қосылу порттары бөлімін таңдаңыз.
  3. Басқару серверінің байланыс оқиғаларын журналға тіркеу параметрін қосыңыз.

Басқару серверіне кіріс қосылымдарының барлық кейінгі оқиғалары, түпнұсқалық растама нәтижелері және SSL қателері %ProgramData%\KasperskyLab\adminkit\logs\sc.syslog файлына жазылатын болады.

Басына оралу